Алматының эпидемиологиялық жағдайы жақсарды ма: Бекшин жауап берді
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жыл басынан бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 156 мың жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 309 адам вирус жұқтырды. Дельта штаммы шыққанда күніне 1700-ге дейін жағдай тіркелетін, қазір – тәулігіне 300-350. Коронавирустың таралуы базалық болжамға сәйкес инфекциялардың төмендеу динамикасында тұрақтануды жалғастырып жатыр", – дейді ол.
Спикердің айтуынша, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 121-ден 113-ке дейін төмендеді. Ал тәулік өсімі 0,22-ден 0,18-ге азайды.
"Инфекциялық берілу индексі 0,9 деңгейінде сақталып отыр. Қазіргі таңда қалада иммундау көрсеткіші – 54 пайыз. Қалада вирус жұқтырғандардың ең көбі – 20-39 жастағылар", – деді Жандарбек Бекшин брифингте.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін