Алматының бас дәрігері алдағы уақытта коронавирусқа шалдыққандардың күрт азаятынын болжады
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев екі аптадан кейін қала тұрғындары карантин ережелерін сақтаса, коронавирус ауруы күрт төмендейді деп болжады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтар, отбасылар және топтар арасындағы байланыстарды барынша шектеу коронавирустық инфекцияны азайтуға көмектеседі. Егер өздігінен оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптаның ішінде біздің қала тұрғындары арасында Ковид-19 ауруының күрт төмендеуін күтуге болады», - деді Әбілдаев.
Қаланың бас дәрігері алматылықтар мен басқа аймақтардың тұрғындары тарапынан карантин қағидаттарын түсінуге және сақтауға үміттенетінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты жұқтырған қазақстандықтардың саны 402-ге дейін өсті, олардың 90-сы Алматыда, жұқтырғандардың екеуінің жағдайы ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа. Алматыда коронавируспен ауырған 11 адам қалпына келді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"