Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының барахолкасында сұмдық жол апаты болды (видео)

Алматылық барахолканың маңайында сұмдық жол апаты орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: ""Территория проишествий" бағдарламасынан

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза болып, тағы бес адам жарақаттанды. Барахолканың "Ақбұлақ" сауда кешенінің жанында Hyundai Getz және LADA Granta маркалы көліктері соқтығысқан. Соқтығыстың қатты болғаны соешалық LADA Granta көлігі аударылып кетіпті. 

LADA Granta көлігінде отырған 1994 және 1997 жылғы азаматтар оқиға орнында көз жұмған. Жарақат алған қалған 5 адам ауруханаға жеткізлді. 

Келіп жеткен құтқарушылар мерт болғандардың денесін, арнайы құрылғылардың көмегімен көлікті кесіп шығарған. 

Қалалық ПД қызметкерлері оқиға бойынша ҚР КК 345 "Жол ж.ру ережесін бқза отырып, екі не одан да көп адамдардың өліміне алып келгені үшін" бабы бойынша қылмыстық іс қозғапты. 

"Жедел жәрдем бес адамды ауруханаға жеткізді. 1989 жылғы науқастың тізесі шытынап кеткен, бұдан басқа да жарақаттары бар. Екіншіснің аяғының екі жіліншігіде сынып кеткен. Ал үшінші адам жансақтау бөлімінде жатыр. Төртінші науқас болса амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Бесінші жарақат алушы №4 клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оның миы шайқалып, бас сүйегіне зақым келген. Бұған қоса сол жақ білегі шығып, ал жамбас сүйегі сынған. Басқа да жарақаттары бар", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

 

Талқылау