Алматылықтар тегін суши мен торт үшін бір-бірін таптап кете жаздады

Видеодан скриншот
Алматыда тегін тамақ тарату акциясында адамдар бір-бірін таптап кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда жаңа тамақтану орны ашылған. Ұйымдастырушылар ашылуына орай алғашқы тұтынушыларға суши мен торт сыйлауға уәде берді.
Куәгерлердің айтуынша, тамаққа таласқан көпшілік бір-бірін итеріп, нәтижесінде шағын төбелес болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда ересектер де, балалар да бар.
Ақтаулықтар белгілі актер Бурак Өзчивитті таптап кете жаздады (видео)
Желі қолданушылары іс-шара кезінде тәртіпті сақтамағаны үшін қатысушыларды да, ұйымдастырушыларды да сынға алды.
Алматы полиция департаменті оқиғаны растап, іс-шараны ұйымдастырған кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар