Ақтаулықтар белгілі актер Бурак Өзчивитті таптап кете жаздады (видео)
Видеодан скрин
Ақтаулықтар белгілі актер Бурак Өзчивитті таптап кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтауға танымал түркиялық актер Бурак Өзчивит келіп, жанкүйерлерімен кездесу өткізді. Кездесу шамамен 1,5 сағатқа созылған.
Шара аяқталғаннан кейін актер залдан шыға алмай қалған. Әлемдік жұлдызбен жеке суретке түсуге тырысқан адамдар оны жан-жағынан қоршап, таптап кете жаздаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Түрік актері Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті
Соңында күзетшілер актерді қайта залға кіргізіп, ғимараттың басқа есігі арқылы шығаруға мәжбүр болған.
Еске салсақ, бұған дейін түрік актері Бурак Өзчивит Алматыға келіп, қала орталығындағы 40-қабатты даулы "RAMS Beyond Алматы" құрылысының басталуына арналған баспасөз конференциясына қатысқан еді. Актер жобаның бренд-амбассадоры атанған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген