Алматылықтар коронавирустың жаңа штаммдарына тексеріліп жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың сынамаларын қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тексеруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда алматылықтарда даттық коронавирус штамының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жандарбек Бекшин осы уақытқа дейін зерттелген науқастардың 78 пайызында британдық штамм анықталған. Сондай-ақ коронавирустың Бразилия және Оңтүстік Африка штамдарын жұқтырғандар да бар.
"Біз келесі аптаға дейін 1000 сынаманы зерттеп, мутацияны анықтамақпыз. Мутацияланған түрлердің ішінен біз британдық, даттық, бразилиялық және оңтүстік африкалық штамдарды анықтаймыз. Бұл қоздырғыштардың инкубациялық кезеңі өте қысқа. Нәтижесінде қазір қаламызда симптомдары бар науқастардың саны артып келеді", - дейді Бекшин.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы