Алматылық оқушылар бетпердемен қамтамасыз етіледі
Алматылық оқушылардың ата-анасының мүмкіндігі болмаса, бетпердемен мектеп қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мәлім етті.
"Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында тағу міндетті емес. Дене шынықтыру сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз", – деді басқарма басшысы.
Оның сөзінше, ата-аналардың тиісті санитарлық құралдарды сатып алуға мүмкіндігі болмаса, мектеп оқушыны қамтамасыз ететін болады.
"Оқушыларды антисептик, бетпердемен қамтамасыз ету – ата-ананың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады", – деді ол.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан