Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер өртенген ғимараттардан полицейлерді қалай алып шыққанын көрсетті

Алматылық Дамир Аманжолов жаппай тәртіпсіздік кезінде полицейлерге көмек көрсеткенін хабарлады. Әскерде борышын өтеп келген ол достарымен бірігіп, өртке оранған ғимараттардан қарулы күштерді шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Instagram/damir.amanzho1ov

Дамир тәртіпсіздік қатысушыларының шектен шығып, қарулы күштермен ашық айқасқа шыққанын, оларға қысым жасап, ғимараттарды өртегенін естіген кезде полицейлерге көмектесуге бел буған. 

Ол достарымен бірге азаматтық киімдерді жинап, лаңкестер басып кірген ғимараттардан полицейлерді іздеген. Оларға киім ұсынып, қол ұшын созған. 

Айтуынша, бірнеше рет полицейлер болған ғимараттарды өртемек болғандарға тосқауыл қойған. Бұл әрекеттерді жасағанда барынша сақ болғанын, қарулы күштерге жақ екенін көрсетпеуге тырысқанын айтады. Десе де, оның әрекетін күдікті деп тапқан қарақшылардың бірі оған екі мәрте резеңке оқ атып үлгеріпті. 


Митинг кезінде оқ тиген: Із-түссіз жоғалған Алматы қаласының тұрғынын отбасы таба алмай жатыр


Сол түні Аманжолов тонаушыларға кедергі келтіруге тырысқанын айтады. Ол ұры-қарылар басып кірген мейрамханада болған оқиғаны видеоға түсіре алған. Онда Дамир өзін мейрамхана иелерінің бірі деп таныстырған. Тонаушы оған: 

"Сен иесісің бе? Онда мен элиталы ішімдіктен алайын. Біз онсыз да алдық, тағы аламын", - деген.

Талқылау