Алматылық дәрігерлер жер сілкінісі кезінде науқасқа ота жасауды жалғастыра берген (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі кезінде де дәрігерлердің науқасқа ота жасауды жалғастырып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Видео ұлттық кардиология институтында түсірілген. Автордың сөзінше, ғимараттағы өзге адамдар далаға шығып кеткен.
"Ал біз шыққымыз келсек те шыға алмаймыз", – дейді автор.
Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған едік. Кейіннен Алматы әкімдігі жер сілкінісінен зақымдалған ғимараттар туралы мәлімдеме жасады.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ