Алматыдан Хургадаға ұшатын рейс 7 сағатқа кешіктірілген (видео)
Алматы әуежайында азаматтар Хургадаға ұша алмаған. Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес, наразы жолаушылар Египетке 9 сағатқа жуық уақыт ұша алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушылар қонақ үйдегі бір күн мен ақшаның күйіп еткенін айтады. Оқиғадан кейін рейске жауапты Scat әуе компаниясы жағдайға байланысты пікір білдірді.
"Ұшу адындағы дайындық кезінде қосымша техникалық қызмет көрсетілу керек екені анықталды. Жолаушыларға күту кезінде ауыз су мен ыстық тамақ секілді барлық қажетті заттар ұсынылды", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
"Алматы-Хургада" әуе рейсі 29 мамыр күні 11:30-да ұшып кетуі тиіс болған, алайда жолаушылар демалысқа тек 19:30-да аттана алған.
Жолаушылар өтемақы бойынша туристік пакетті сатып алған агенттікке жүгіне алады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады