Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы зілзала неге Астанада сезілді – Министр жауабы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің зілзала Астанада неліктен сезілгені туралы сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

"Афтершоктар, сейсмикалық толқын айтарлықтай үлкен болды. Рихтер шкаласы бойынша дүмпу 6,5-7-лік күшіне жетті. Сондықтан жер сілкінісін Орталық Азия да сезді. Тербелістер оңтүстіктен солтүстікке бағытталды. Сондықтан Астана тұрғындары да дүмпуді сезінді. Бірақ мұндағы тербеліс шын мәнінде өте әлсіз болды", — деді Саясат Нұрбек.

Журналистер оған “Астаналықтарға қорқатындай себеп бар ма, қандай да бір салдары болуы мүмкін бе?” деген сұрақ қойды. 

"Оны айту қиын. Бірақ жер астындағы өзгерістерден емес. Астана Тұран деп аталатын платформада тұр. Ол — өте орнықты, көне платформа. Сондықтан тек афтершок қана сезілді. Әйтпесе жер сілкінісінің өзі қуатты болды. Жалпы уайымдайтын ештеңе жоқ", — деп жауап берді министр.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі төрт облыста жер сілкінісі неше балдан болғанын айтқан еді. 

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау