Алматыдағы жер сілкінісінен кейін ТЖМ қызметтік тексеру жүргізуді бастап кетті
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ бөлімшелерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды түсіндіру бойынша халықпен жұмысты күшейту, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде бар хабарландыру жүйесін іске қосу алгоритмін жетілдіру керек екенін айтты.
Сонымен қатар басқарма басшысы сейсмикалық құбылыстарды болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды.
“Азаматтарды сейсмикалық жаттығуларға тартудың жаңа шараларын талдап, қолдану керек. Оқыту сабақтың жаңа әдістерін қолдана отырып, шынайы жағдайға жақын жүргізілуі керек. Ескерту мен оқыту сапалы әрі мақсатты болуы керек”, – дейді Сырым Шәріпханов.
Бұған дейін риэлторлар жер сілкінісінен кейін төменгі қабаттан пәтер сұрайтындардың қатары артқанын айтқан еді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы