Алматыдағы түрме басшылығы жазасын өтеушіні құрылыс жұмыстарын істеуге мәжбүрлеген
Алматыдағы түрмеде жазасын өтеуші түрме басшылығының өзін құрылыс жұмыстарын істеуге мәжбүрлегенін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Сотталған азаматтың шағымы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жазасын өтеуші Жақсылықов Айдос Алқожаұлының айтуынша, №13 мекеменің басшысы мен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары оны өз үйлерінде және коммерциялық нысандарында жөндеу жұмыстарын істеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін олар сотталушыны қорқыту мақсатында бірнеше рет арандатушылық әрекеттер ұйымдастырған. Мысалы, жазда ҚАЖД қызметкері Шакир Юнусов түн ортасында сотталушының жүкті әйелі тұратын пәтерге барған.
Сонымен қатар түрме басшылығы сотталушының осы іс бойынша құқық қорғау органдарына жазған арыздарын ұзақ уақыт бойы жолдамай келген екен.
Алматы прокуратурасы аталмыш ақпаратқа қатысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
“БАҚ-та таралған №13 мекеме басшылығының сотталушы Ж-ны жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүрлеу туралы ақпаратты қала прокуратурасы мен Алматы қаласы ҚАЖД тексеріп жатыр. 2025 жылдың 8 қаңтарында Алматы қалалық ҚАЖД сотталушы Ж-ның өтінішін зерттеп, өтініште көрсетілген дәлелдер бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаймыз", – делінген прокуратура хабарламасында.
Трампқа Қазақстаннан не керек және АҚШ біздің елге не бере алады?