Алматыдағы студенттік жатақханалардың бірінде коронавирус жұқтырғандар анықталды
Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттер жатақханасында коронавирус ауруы анықталды. Үш адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтып берді.
"Жатақханалардың бірінде коронавирустың оң нәтижелері анықталды. Бұл студенттер коронавирусқа өз беттерімен ПТР-тестілеуден өткен. Жатақханада қажетті шаралар жүргізілді. Қосымша ПТР-тестілеу өткізілді", - деді ол брифингте.
Қалықованың айтуынша, Алматыдағы басқа студенттік жатақханаларда коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген.
Барлығы үш жағдай анықталды, бірақ олар өзара байланысты емес, деп түсіндірді Қалықова. Студенттер бір бөлмеде тұрмаған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар