"Денесін бір тәулік іздеген": Ер адам Алматыдағы Сайран көліне батып кетті
Алматыда сүңгуірлер Сайран көліне батып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдын алдын ала болжам бойынша, жас жігіт таныстарымен бірге ішімдік ішкен.
"Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіру-сүңгуір жұмыстарын бастады. Іздестіру-сүңгуір жұмыстары қараңғы түскенге дейін жүргізілді. Бүгін таңғы сағат 08:30-дан бастап іздестіру-сүңгуір жұмыстары қайта басталды. Іздестіруге ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның сүңгуірлері де тартылды. Су тұнық болмағандықтан су астынан ештеме көрінбейді. Сондықтан іздестіру жұмыстары жанасу арқылы жүргізілуде",- деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жаңдайлар департаментінен.
Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен "ҚР ТЖМ" ММ-нен 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.
“Ер адамның денесі табылды, оның жеке басы анықталуда”, – дейді төтенше жағдайлар басқармасы.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
