Алматыдағы мектептердің бірі "эстетикалық безендіруге" мемлекет қазынасынан 28 млн теңге жұмсамақ
Алматы қаласындағы мектептердің бірі "эстетикалық дизайнға", атап айтқанда фото тұсқағаздарға тапсырыс беруге бюджеттен шамамен 28 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл Алматы қаласы білім басқармасына қарасты "№46 гимназия" КММ-дегі жағдай.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, аталған білім беру мекемесі көрсетілген соманы эстетикалық безендіруге қатысты қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, дизайнның негізгі элементі – фототүсқағаз болмақ.
Көрсетілген қызметтерді ұсынуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”