Алматыдағы крематорийдің құрылысы биыл күзде аяқталады
Алматыдағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы жайлы қалалық орта және мобильділік басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қолданылған медициналық қалдықтарды арнайы пештерге жағу арқылы жоюға болады. Осыған байланысты патоанатомиялық бюрода крематорий салу туралы шешім қабылданды",- деді ол.
Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынады.
Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың қыркүйек айы. Құрылыс құны - 1,3 млрд теңге.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты