Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоғамдық көліктер арасындағы жол апатына байланысты автобус жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда орын жантүршігерлік жол апаты бойынша кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі екі айға дейін тергеуге қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда іздеген қылмыскер Нью-Йорктен табылды

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің Анықтау департаменті жол-көлік оқиғасының схемасы жасалып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларына талдау жүргізілген болатын. Сараптамаға сәйкес, №98 автобустың 35 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. 

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын. 2022 жылдың 11 қарашасында сот шешімімен күдікті А.-ны екі айға, яғни 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін қамауға алу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырғанын мәлімдеді.



98-автобустың жүргізушісі бас жарақатынан кейін есте сақтау қабілетінен айырылғаны хабарланған болатын. Оның жұбайы күйеуінің жол ережесін бұзбағанына сенімді екенін айтып, бағдаршамның ескерту сигналы кезінде жүргенін алға таруда.

Еске салсақ, 8 қарашада Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында екі автобус соқтығысып жол апаты орын алған болатын. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алды. 

Талқылау