Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жол апаты есімде жоқ": Бұрынғы полицей Алматыдағы блок-бекетте болған оқиға туралы шындықты айтты

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында блок-бекеттегі болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс басталды. Істі судья Мәди Көшікбаев жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысына мемлекеттік айыптаушы, қайтыс болған полицейлердің туыстары, Азат Азаматов және оның қорғаушысы қатысты. Апаттан зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербулан Сейдазим сот отырысына келмеді.

"25 мамырда таңғы сағат 5.20-да Азат Азаматовты мас күйінде BMW көлігін айдап, жылдамдықты асырып, блок-бекет пен қызметтік полиция көлігін қағып кеткен. Нәтижесінде екі офицер қаза тапты, үшіншісі жарақат алды", - деді прокурор.

Айыпталушы сот отырысы барысында кінәсін мойындады.

"Құрметті, сот! Мен өз кінәмді мойындаймын және жасаған әрекетім үшін қатты өкінемін", - деді Азат Азаматов.

Айыпталушы жол апаты кезінде ұйықтап кеткенін және басқа ештеңе есінде жоқ екенін қосты. Айтуынша, 24 мамырда ол көлікте сыра ішкен.

"Мен жол полициясында жұмыс істеген үш әріптесіммен бірге ішімдік іштім. Олар менің бұрынғы әріптестерім. Басқа ештеңе есімде жоқ, мен ауруханада ояндым. Олар менің ауыр апатқа ұшырағанымды айтты. Бұл қалай болғаны есімде жоқ", - деді Азаматов.

Сонымен қатар, бұрынғы полицей жұмыстан апатқа дейін шығып кеткенін айтты. 



"Мен 20 мамырда жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. 21 мамырдан бастап қызметкер емеспін. Мен ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде мен бір рет тәртіп бұзып, жазаға тартылдым", - деді сотталушы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Шолпан Нұрахметова өз кезегінде құжаттарға сәйкес Азаматов алты жыл ішінде түрлі заң бұзушылықтар үшін төрт жазаға тартылғанын мәлімдеді.

"Сіз қатты соққы алған сәтте де ұйықтай бердіңіз бе?" деген қорғаушының сұрағына Азаматов "Ешнәрсе есімде жоқ" деп жауап берген. Ал "Сіздің кесіріңізден адамдар қайтыс болғанын қашан білдіңіз? Тек ауруханада ма?" деген сұраққа "Ия, мен тек ауруханада ояндым" деген жауап айтты айыпталушы.

Оқиға кезінде көз жұмған полицейдің әйелі сотталушының сөздері шындыққа жанаспайтынын айтады.

"Менің әкесіз қалған үш кішкентай балам бар. Мен Азат Азаматовты кешірмеймін", - дейді қайтыс болған полицей Жарас Жанғазиевтің әйелі. 

Айта кету керек, басты сот ісі өткен аптада өтуі керек еді, бірақ жәбірленушілер кездесуге келмегендіктен, ол 15 қыркүйекке ауыстырылды. Алдыңғы аптадағы сот отырысына мемлекеттік айыптаушы мен сотталушының адвокаты қатысты. Содан кейін олар тергеу абақтысындағы техникалық ақауларға байланысты айыпталушыны бейнебайланысқа қоса алмаған. Бүгін Азат Азаматов сотқа жеткізілді.

Судьяның сұрақтарына жауап ретінде айыпталушы өзінің жұмыссыз екенін, үйленгенін және кәмелетке толмаған бір баласы бар екенін айтты.

Еске салсақ, осыған дейін істің сотқа жіберілгені белгілі болған. 

Талқылау