Алматыдағы бизнес орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды
Алматыда бизнес орталықтың келушілері мен қызметкерлері күдікті сөмкенің салдарынан эвакуацияланды. Бұл туралы қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай туралы ақпарат Instagram-да пайда болды. Кадрлардан ғимараттың қасында қызметкерлердің жиналғанын көруге болады.
Полиция бұл оқиғаның 19 қазанда болғанын айтты. Адамдар 12.40-та эвакуацияланды.
"102 пультіне күдік тудырған сөмке табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Мұндай хабарламаларға алғашқы әрекет ету шеңберінде қаланың төтенше жағдайлар қызметі тартылды. Бірінші кезекте жұмыскерлер мен бизнес орталықтың кеңселеріне келушілерді шұғыл эвакуациялау жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады полиция департаменті.
Ақыр соңында сөмкенің иесі табылғандығы атап өтілді. Бөлімшеде сөмкенің иесі оны бизнес орталықта байқаусызда ұмытып кеткені анықталды.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"