Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі таң ата шыққан белгісіз шудың шығу себебін түсіндірді

Алматылықтарды 9 ақпанға қараған түні шыққан белгісіз дыбыс алаңдатты. Әкімдік шудың неден шыққанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Желі қолданушылары шу қаланың бірнеше жерінде анық естілгенін айтып, бейнежазба жариялады.

Мұның себебін Алматы әкімдігі таңертең жылу электр станцияларының (ЖЭС) технологиялық қорғанысы іске қосылғанынан деп түсіндірді.

"2024 жылдың 9 ақпанында сағат 04:40-та технологиялық қорғаныс іске қосылды, нәтижесінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары шуды естіді. Бұл – қазандықтың автоматты қорғанысы жұмыс істейтін стандартты жағдай. Осы жағдай тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге әсер етпегенін ескертеміз", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда үш жылу электр орталығын "Путиннің досына тиесілі" компания салатыны туралы хабарлаған едік. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың сөзінше, 3 жобаға шамамен 350 миллиард теңге жұмсалады.

Талқылау