Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың туыстары өтемақы талап етуде

Алматыдағы автобус апатынан қайтыс болғандардың жақындары автобус паркінен өтемақы талап етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Сурет желі кадрларынан

Автобус апатынан қаза тапқан ерлі-зайыпты Талап Қосымов пен Гүлжахан Жетпісбаеваның туысы Сүйінбай Оңалбекұлы парк өкілдерінің бір аптадан кейін ғана көңіл айтқанын жеткізді. Айтуынша тіпті сол кезде де көмек көрсету туралы жақ ашпаған екен. Ал бұл отбасының артында төрт баласы қалған. Тұрып жатқан баспаналары да несиеге алынған екен.

“Банктен 17 миллион, қалғанын өздері ауылдағы үйлері мен көліктерін сатып пәтер алды. Сол банктегі ақшасы жабылса балаларына баспана қалар еді. Енді автобус паркі жағынан үміт күтіп отырмыз. Үмітімізді ақтайтын шығар деген ойдамыз”, – деді Сүйінбай Оңалбекұлы. 

Мамандардың пікірінше, сот шешімі шыққаннан кейін қайтыс болғандардың жақындары азаматтық сотқа арызданып, сақтандыру компаниясына жүгіне алады. Ал, қоғамдық көлік жүргізушісінің кінәсі болса да, болмаса да бұл жағдайда жәбірленген тарапқа көмек беруі шарт.



“Оның кінәсі болса да, болмаса да бәрібір. Сол келтірілген залалды төлеп беруі тиіс. Адам қайтыс болғанда 2000 АЕК, І топтағы мүгедек болса 1600, ІІ топтағы мүгедектік үшін 1200, ІІІ топқа 500 бала мүгедектік алса болады”, – деді "Еуразия" СК атқарушы директоры Гүлнәз Мұхтарова.

Қазір осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, үш адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау