AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі

Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі. Бүгін Ішкі істер министрлігі вице-министрі Мұрат Баймұқашев Ақбұлақ ықшамауданында атыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің шаңырағына барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

полиция акбулак

Мұрат Баймұқашев кездесу барысында Ішкі істер министрлігінің басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Ішкі істер министрінің тапсырысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен соңына дейін тәртіп пен заңды күзеткен учаскелік инспекторлар "Құқыт тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды.

полиция акбулак 2

Алатау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, 1982 жылы туған полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет атқарады. 2021 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының магистратурасын бітіргеннен кейін учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған. Ішкі істер департаментінде қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болған, оның ішінде 3-дәрежелі "Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін" және "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісімен. Үйленген, кәмелетке толмаған 5 баласы бар.



Алатау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, капитан Нұрбол Байғазиев 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етеді. Қызмет барысында 13 марапатқа ие болған, оның ішінде "Үздік құтқарушы жастар" және "Қазақстан полициясына 25 жыл". Үйленген, кәмілетке толмаған 2 баласы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді

"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр