Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматты тұтқындау сәті видеоға түсіп қалды
Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматты тұтқындау сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада арнайы жасақ жауынгерлерінің үйді қоршауға алғанын, артынша күдіктіні тұтқындаған полицейлердің келе жатқаны байқалады.
- Отбасы үш жыл бойы үй үшін соттасып келген: Алматыда арты өліммен аяқталған атысқа не себеп болды
- "Оны қылмыс жасауға әлдекімдер итермеледі": Алматыда атыс шығарған азаматтың көршілері оқиға жайлы айтты
Айта кетсек, адам өлімімен аяқталған атыс бүгін сағат 17:00 шамасында орын алған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып