Алматыдағы Алтын Орда базарында өрт шықты
Алматыдағы ірі сауда орындарының бірі - Алтын Орда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"30 маусым сағат 16.23-те өртке қарсы қызмет пультіне Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент а/ж 15 км "Altyn Orda Qazaq Trade Ltd" ЖШС базары мекен-жайы бойынша асхананың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында Алматы облыстық және қалалық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 4 техникасы жұмыс істеуде", - дейді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Қабылданған шаралар бойынша өрт сағат 17.33-те ауыздықталған. Өрттің шарпу алаңы 240 ш.м (металлопластиктен жасалған асхана мен сауда павильондарының бір қатары өртенген) жеткен.
Қазіргі сәтте өрттің шығу себебі анықталуда.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады