Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз 1 айдан кейін Көкшетаудан табылды
Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қызды облыстық орталық аумағынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматы полицейлеріне қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 12 мамырда келіп түскен. Бір ай көлемінде іздеу жұмыстары тек Алматы аумағында жүргізілген. Ал басқа қалаларға кәмелетке толмаған қыз туралы ақпарат жіберілген.
8 маусымда Көкшетау полицейлері көшеде жоғалған қызға ұқсайтын қызды байқаған. Жеке тұлғасын анықтау үшін тәртіп сақшылары қызға сұрақ қойған. Кейін оның Көкшетауда сүйіктісімен бірге жүргені белгілі болды.
Полицейлер бірден алматылық әріптестеріне қыздың табылғанын хабарлаған. Жастардың сөзінше, Көкшетауға үйлерінен алыс жерге кету үшін келген екен.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі