Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жігіт сайт арқылы танысқан қыздарды алдап кеткен

Алматыда сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды. Полиция мәліметінше, ер адам түрлі сылтаумен қыздардың телефонын қоңырау шалуға алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұры

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 22 жастағы Б.есімді азамат қыздармен сайт арқылы танысып, кездесуге шақырған.

“Ол түрлі сылтау айтып, қыздардан қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап, қашып кетіп отырған. Алданған қыздар ер адам ұялы телефонды қайтарып беретін шығар деп абдырап тұрғанда ол ұялы телефонды ломбардқа өткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды”, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Полицейлер алданғандар азаматтарыдң көп болуы мүмкін екенін айтады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері күдіктінің суретін мұқият қарап шығуды сұрайды және оны таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуды ұсынады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Талқылау