Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан төрт притон анықталды (видео)

Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысқан төрт притонды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, притондардың бәрі өзгенің назарын аудармайтын жеке коттедж немесе қарапайым үй тәріздес болып көрінген.

"Іс жүзінде олай болмай шықты. Мұнда өзін массаж шебері ретінде таныстырған қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының қандай да бір қылмысқа немесе құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы жауапқа тартылды", – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. 57 заңбұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

Талқылау