Алматыда жел соғып, ағаштар көліктерге құлады
Алматыда қатты желден ағаштар жол бойындағы көліктерге құлады. Тұрғындардан электр желілерінен аулақ жүруді және мүмкіндігінше үйде қалуды сұрап жатыр. Қалада жауын-шашын, найзағай және ықтимал бұршақ салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаменті төрт көліктің зардап шеккенін айтты.
"12.30-дағы жағдай бойынша желдің қатты екпіні салдарынан 112 желісіне автокөліктерге ағаштар мен бұтақтардың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті:
- Алмалы ауданында – екі жағдай;
- Алатау ауданында – бір жағдай;
- Медеу ауданында ғимараттың қасбетін әрлеу элементінің автокөлікке құлағаны туралы бір хабарлама түсті", – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 109 құтқару қызметіне жолдың жүру бөлігіне, жаяу жүргіншілер аймағы мен балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама келіп түскені белгілі болды.
"Аумақ тазартылды. 109 қызметінің ақпараты бойынша, көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведомствода.
Бұған дейін Алматы қаласы ТЖ департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде Алматыда 2021 жылдың 3 маусымының 21-сағатынан, 4 маусымның 21-сағатына дейін қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Батыстан жел соғады, найзағай 15-20, екпіні секундына 25 метр.
Қатты жауын-шашын мен жел кезінде алматылықтарға үйлердегі терезелерді тығыздап жабу, ағаштардың, электр беру желілерінің жанында болмау және олардың жанында көліктердің тұрақтамауы ұсынылды. Сондай-ақ ТЖД мүмкіндігінше үйде болуға кеңес береді.