Алматыда жасөспірім қыз 12-қабаттан секіріп кетті
Алма тыда жасөспірім қыз 12-ші қабаттың балконынан секіріп кетті. Полицейлер мәйітті кіреберістің шатырынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға сағат 16:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болды.
Куәгерлердің айтуынша, олар тек құлаған заттың дауысын ғана естіген, адамның айқайлағанын ешкімнің құлағы шалмапты.
"Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге апару" бойынша тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”