Алматыда жартылай жалаңаш ер адам жанармай құю бекетінің шатырына шығып, адамдарға қоқыс лақтырған
Қазнетте ер адам Helios жанармай құю станциясының бекетінің шатырына шығып, сол жерден өтіп бара жатқан адамдарға компания логотипі әріптерінің бөлшектерін лақтырған видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, оқиға Алматы қаласы Шаляпин және Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында болған.
Видеода ер адам Helios жанармай құю бекетінің төбесіне шығып, логотиптің әріптеріне отырып, олардың бөліктерін сындырып, басқаларға лақтырғаны көрінеді.
Төменде жол бойымен жүгіріп жүрген полицейді байқауға болады.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған