Алматыда жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды
Алматыда Алмалы ауданында болған жаппай төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Cурет желідегі видеолардан скринделген
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекке қараған түні болған. Кейін бұл төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Полиция жастардың кім екенін анықтап, төбелеске белсенді қатысушылардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
"Аталған факті Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар