Алматыда жаңа жылдық отшашу бола ма?
Алматыда Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Осыған дейін әкімдік қаланы Жаңа жылға әсемдемейтінін хабарлаған еді. Қаланы сәндеуге бөлінген қаражатты бюджетке қайтарып, коронавируспен күреске жіберген.
Сондай-ақ, қалада былтырғы шыршалар қойылатын болды. Оның бәрі қазақстандықтан Тәуелсіздік күнін тойлаған соң ұйымдастырылатын болады.