Алматыда жалған 500 және 5000 теңгелік ақшалар шығарғандар анықталды
Алматыда жалған 500 және 5000 теңгелік жалған ақшаларды өндірушілер сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматыдағы ЖСҚ қызметкерлері Алматыда жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын 500 және 5000 теңгелік жалған банкноталарды жасаумен және сатумен айналысқан үш адамнан тұратын қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жалған теңгенің өндірісі бойынша жерасты шеберханасын бір топ адам бұрын сотталған азаматтардың алдын-ала сөз байласуы бойынша ұйымдастырғанын анықтады.
Агенттіктің хабарлауынша, үш айыпталушы да Қылмыстық кодекстің "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасанды ақша, бағалы қағаздар жасау, сақтау, жылжыту немесе сату" бабы бойынша қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар алты жылдан тоғыз жылға дейінгі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді