Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұрылар тонап кеткен Мәжіліс депутаты полицейлерге: Иықтарыңыздағы погондарыңызды шеше салыңыздар

Алматының қақ ортасында Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ұрылар тонап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

депутат

Бұл туралы депутат өзінің Facebook-желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Мені жақында Алматыда тонап кетті. Көлігімнің терезесін шағып, сөмкемді алып кетті. Қайта онда құнды дүние болған жоқ. Құжаттарым өзіммен бірген жүретін кішкентай сөмкеде болатын. Құнды заттарымнан айырылмасам да, жаман болып қалдым. Полицияны шақырғым келмеген, өйткені олардың ұрыны тауып беретініне мен де сенбеймін. Алайда, жанымдағылар полиция шақыру керек деп кеңес берді. Тәртіп сақшылары тез келді. Бірақ келе салып айтқан сөзі менің жағамды ұстатты: «Несіне уайымдайсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не істе дейсіз енді?», деп бетіме қарап тұрды», - деп жазыпты Ирина Смирнова. 

Мұндай сөзді естимін деп ойламаған депутат тәртіп сақшыларына иықтарыңыздағыдағы погонды шеше салыңыздар онда деп жауап қайтарған.

Айтылған оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. 

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамында криминалдық полиция қызметкерлері бар»,- деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Талқылау