Алматыда ветеринарлық қызмет директоры 3 жылға сотталды
Алматының ветеринарлық қызметінің директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК директоры Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Жапарханға қатысты үкім шығарды.
Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді жеткізбей, ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар орташа қауіпсіздік мекемелерінде 3 жыл жазаларын өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда