Алматыда велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр: Қай көшелер жабылады
Алматы әкімдігі 6-12 маусым аралығында қала жолдарында велоспорттан Азия чемпионаты өтетін орындарда көлік қозғалысы жартылай жабылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

6, 7 және 8 маусым күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Момышұлы көшесінің "Алматы Арена" кешенінен солтүстік бағыттағы Сайн көшесіне дейінгі бөлігінің батыс жағындағы көлік қозғалысы шектеледі.
Жолдың шығыс жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
“9, 10, 11, 12 маусымда Момышұлы көшесінің батыс жағындағы “Алматы Арена” кешенінен “Алматы” индустриялық аймағына дейінгі бөлігінде жолдың шығыс жағындағы көлік қозғалысын жабу ұйымдастырылады”, – деп хабарлады әкімдік.
Жолды жабу кестесі:
- 9 маусым – 09:00-ден 18:00-ге дейін;
- 10 маусым – 07:00-ден 11:00-ге дейін және 12:00-ден 16:30-ға дейін;
- 11 маусым – 07:00-ден 13:00-ге дейін;
- 12 маусым – 09:00-ден 14:30-ға дейін.
“Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолын алдын ала жоспарлауды сұраймыз”, – деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді