Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл сөзсіз суицид": Ішкі істер вице-министрі Алматыда оқушы қыздардың көпқабатты үйден құлауына қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыда екі оқушы қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Вице-министрдің сөзінше, бұл іс өзін-өзі өлтіруге итермелеу негізінде ашылған. 

“Бұл – сөзсіз суицид. Іс өз-өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша қозғалды. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын”, – деді вице-министр. 



Ішкі істер министрінің орынбасары оқушы қыздарды өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдіктінің кім екенін нақтыламады.

Айта кетейік, бұған дейін 16 қыркүйекте Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапқаны туралы жазған едік. Жергілікті тұрғындардың дерегінше, оқиға Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаған.

Кейіннен Алматыда екі оқушы қыздың өлімінен кейін көпқабатты үйлердің барлық шатыры тексерілетіні хабарланған еді. 

Талқылау