Алматыда тұрғын үй кешенінде жөндеу жасаған азамат 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді
Алматыда "Комфорт сити" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірін жөндеген азамат 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Kozachkov_offside Telegram арнасынан
Kozachkov_offside Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 20 сәуірде болған. Тұрғындар жағдайдан соң шу шығарып, ақ жейделі жігіттен күдіктеніп, оны өздері іздей бастаған.
“Болжам бойынша, ол пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал қылмыс көлік тұрағында жасалса керек”, – делінген жазбада.
Stan.kz тілшісі жағдайға қатысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір сұрап көрді.
“Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр”, – деді полиция департаменті.
"Өзімнен 5 жас үлкен әйел мені асырағысы келді": Актер Олжас Тоғымбет жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді
Көрермен менен қорқып, жиіркеніп отырды
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар