Алматыда троллейбус өртенді
Алматыда Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Өртеніп жатқан троллейбустың видеосы желіде тарады.
"АлматыЭлектроТранс" ЖШС-ның мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен.
"Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады компанияда.
Еске салайық, бүгін Алматыда түстен кейін күн күркіреп, жаңбыр жауды. Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып, көшелерді су басты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"