Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда терезеден секіріп, мерт болған ер адамның туыстары оның суицид жасағанына сенбейді

Өткен аптада Алматыдағы Экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен ер адамның туыстары суицид жасады дегенге сенбейтінін мәлімдеді. Олар журналистерді жинап, осы мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менің үш балам бар. Кішісі бір жарым жаста, әлі еміземін. Ол қалай терезеден секіріп кетуі мүмкін. Бұл мүмкін емес", - деді марқұмның жұбайы Әйгерім Хасенова. 

Ерлан Қонысбаев суицид жасады дегенге туыстары сенбейді. Марқұмның жары 22 қыркүйекте таңертең күйеуі Экономикалық тергеу департаментіне адвокатымен барғанын мәлімдеді. Содан кейін жұмысқа бармақ болған. Кешке қорғаушысының телефонына хабарласып, сәлден соң баратынын айтқан. Бірнеше сағаттан кейін Ерлан департаменттің бесінші қабатынан секіріп, мерт болғанын айтқан. 

Марқұмның туыстарының айтуынша, Ерланның өлімінен кейін департаменттен ешкім келмеген. Олар  оқиғаның қалай болғаны туралы нақты мәліметтерді де білмейді. Олардың болжамынша, Ерланда ғимараттағы кабинеттердің бірінде ұстаған. 

Ведомствода Ерлан Қонысбаев алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Оған қарсы қылмыстық іс 200 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын жоба грантына байланысты.  Ерлан Қонысбаевты құрал-жабдық пен ақшаны жекеменшігіне алғаны үшін айыптады. 

Қайғылы оқиға болған күні Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері оны ұстау туралы шешім қабылдаған. 

"Ұстау", "Жеке тексеру" туралы хаттама толтырғаннан кейін, ыңғайлы сәтті пайдаланған Қонысбаев терезеден секіріп кетті. Дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылды, ол Қонысбаевтың қаза болғанын тіркеді. Қазіргі таңда бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, қаржы мониторингі комитеті ішкі тексеріс жүргізіп жатыр", - деді Алматыдағы Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан

Қылмыстық кодестің 305 бабына сәйкес, марқұмның тірі кезінде қозғалған іс оның туыстарының келесімен жабылуы мүмкін.

Талқылау