Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып өлтірді

Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/alibekovkz

Оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында болған. Автодромда арнайы трюк жасалуы қажет еді. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігінің үстінен секіруі керек болған. Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды. 

Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, оған ауыр бас-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы және үшінші дәрежелі кома диагнозы қойылған. 30 қазан күні жас жігіт алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Оқиға “ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша тіркеліп, тергеу басталды.

Блогер Бейбіт Әлібеков көлігіне қатысты оқиғаны түсіндірді.

"Батырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді бергенмін. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде болған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деді Әлібеков.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында мешіт имамының 11 жасар баланы қағып өлтіргені туралы жазған едік.

Талқылау