Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бесінші өлім: Алматыда 18 жастағы жігіт терезеден секіріп кетті

Желіде тағы бір алматылықтың көпқабаттың үйдің 16-қабатынан секіргені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл фактіні растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

терезе

Фото: Istock.com

Желі қолданушысының айтуынша, бала Таугүл шағынауданында Нархоз университетіне қарама-қарсы орналасқан үйдің терезесінен секірген.

“Балаларыңыздың телефондарын тексеріңіз, тіпті оған бұл ұнамаса да. Олардың қылықтары мен әрекетін қадағалаңыздар… Қазір мерт болған баланың жеке басы мен оның мекенжайы анықталып жатыр”, – деді алматылық тұрғын.



Полиция аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ оқиғаның мән-жайын әзірге мәлімдей алмады.

“Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін 16 қыркүйекте Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қаза тапқаны туралы жазған едік. Жергілікті тұрғындардың дерегінше, оқиға Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаған.

Кейіннен Алматыда екі оқушы қыздың өлімінен кейін көпқабатты үйлердің барлық шатыры тексерілетіні хабарланған еді. 

Талқылау