Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция банк қызметкерін алдап кеткен алаяқты ұстады

Алматы полициясы бірнеше қылмыскерден тұратын және шетелде тамыр жайған заңсыз әрекеттер тізбегін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото https://polisia.kz/

Заңсыз әрекет тізбегі – адамдарды алдау арқылы табыс табу. Алданғандардың арасында екінші деңгейлі банктердің бірінің қызметкері де бар.

Жәбірленушінің мессенджеріне банк пен оның қызметкерлеріне қатысты құқық қорғау органдарының өкілдері тексеріс жүргізіп жатыр және олардың нұсқаулықтарын орындау керек деген хабарлама келген. 

Кейінірек олар кибершабуыл жасалғанын және алаяқтық әрекеттің алдын алу үшін қолданыстағы барлық шоттан қаражатты алып, артынша сенімді адамдарға аудару қажет екенін хабарлады. Осы нұсқаулықтарды орындаған әйел шотынан 4 миллион теңге мен 10 мың долларды аударған. 

Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Қуатбек Науатов банк қызметкерінің ақшаны курьерге бергенін айтты. Алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінген әйел полициядан көмек сұраған. Курьер  дереу ұсталды. 19 жастағы жасөспірім өз “бизнесінің” қылмыстық сипатын білетінін мойындады. Оған “жұмыс берушілер”  жәбірленушіден алынған сомадан 1% сыйақы беріп отырған.

“Біз курьер ақша аударған шоттарды қадағаладық. Олардың ізі шетелден табылды. Тағы үш адам қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуға қатысқаны үшін ұсталды. Қазір олардың әрқайсысының қылмыс дәрежесі анықталып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп қорытындылады Науатов.

Талқылау