Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлаған – Ішкі істер министрі ақпаратты растады

Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

“Алматыда екі полиция капитаны 14 жасар жасөспірім қызды зорлағаны туралы фактіні растай аласыз ба? Бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?”, – деп сұрады журналистер министрден.

“Өкінішке қарай, бұл факт орын алған. Қылмысты жасағандар қазіргі уақытта – бұрынғы қызметкерлер. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, бұл адамдар келеңсіз себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар да қамауға алынды”, – деп жауап берді Ержан Сәденов.



Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын жеткізді. "Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?" деген сұрақты ішкі істер министрі растады.

“Иә, мен растаймын”, – деді министр.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі "Зорлау" бабы бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау