Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Pine Hill клубтық үйінің бір қабаты сүріледі

Алматыда Pine Hill клубтық үйінің бір қабаты сүріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші "Ерменсай" шағын ауданында екі қабатты тұрғын үй салуға рұқсат алып, бірақ тағы артық қабат салған. Бұл жоспардан тыс тексеріс кезінде анықталған. Нәтижесінде меншік иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 316-бабының 1-бөлігі “Объектілерді және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз немесе белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалау құжаттамасы бойынша салу”, 462-бабы 3-бөлігі “Мемлекеттік инспекциялар мен қадағалау органдарының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау” бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Басшылықтың талап арызымен сот өндірісінің қорытындысы бойынша 2022 жылдың 15 маусымында Алматы қалалық соты үшінші қабатты бұзу туралы шешім шығарды.

"Объектінің қабатын демонтаждау әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Төменгі қабаттарға зақым келтірмеу үшін жұмыс қолмен жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Талқылау