Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пайда болған сұр жыландар жұртты шошытты

Алматыдағы орталық саябақтардың бірінде жүрген мына сұр жылан, бүгін жұрт арасында дүрбелең тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

жылан

Демалыс орнына серуендеуге келген тұрғындар жыланның емін-еркін жорғалап жүргенін көріп, шошыған. Видеоға түсіріп әлеуметтік желіге де жүктепті.

Мамандар жергілікті тұрғындарды тыныштандыруға асықты. Олар бұл жыландар адам өміріне қауіп төндірмейді деді. Сондықтан одан қорықпауға, әрі оған тиіспеуге кеңес береді.

"Саябақ болғаннан кейін жақын маңда су болғаннан кейін мұндай жәндіктерді кездестіруге болады. Енді бұл жыланды жорамалдап айтсақ, у-сыз жылан. Негізі осы азаматтар жабайы жәндіктер жануарлармен кездескенде барынша оларға тиіспей айналып өтуі керек", - деді ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Талқылау