Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "отынмен жүретін" ерекше көлік жалған мемлекеттік нөмірмен ұсталды

Алматыда ерекше көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда

Бұған дейін көліктің видеоға таралып, қала тұрғындары оның ерекше көрінісіне таңғалған еді. Көліктің төбесіне түтін шығаратын түтік, желдеткіш және сұйық бак орнатылған. Пайдаланушылар оның отынмен жүретінін айтты.

Әкімшілік полиция басқармасы Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес, көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған жүргізушіге қатысты шаралар қабылданғанын хабарлады.

«Өткен күні мамандандырылған батальон бригадасы Сүйінбай даңғылында ВАЗ көлігін тоқтатты. Оны 1955 жылы туған азамат басқарды. Біріншіден, бұл автокөліктің бір жыл бұрын тіркеуден өткендігі және мемлекеттік нөмірлердің иесі заңсыз пайдаланғаны анықталды», - дейді әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, азаматқа 6 әкімшілік хаттама толтырылды: атап айтқанда, жалған мемлекетті нөмірді орнату фактілері бойынша, техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралын басқару, рұқсатынсыз құралдарды ауыстыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамау.

Көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді. Бұған дейін Алматы полициясы көлік құралын, ең алдымен, оның иесі мен жолаушылар үшін, сондай-ақ басқа да жол пайдаланушылар үшін қауіпті деп атап өтті.

Талқылау