Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өтетін Hardcore FC турнирінің толық карды белгілі болды

Алматыда өтетін Hardcore Fighting Championship турнирінің толық қарды белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Hardcore FС

13 шілдеде Алматыда өтетін Hardcore Fighting Championship турнирінде өнер көрсететін барлық спортшылар анықталды. Басты жекпе-жекте атақты Конор Макгрегордің бұрынғы қарсыласы Диего Брандоа мен Мұратбек Қасымбай Best Hype Fighter атағы үшін жұдырықтасса, UFC-дің экс-жауынгері Дамир Исмағұлов Дмитрий Климовқа қарсы жекпе-жекке шығады. Одан бөлек, бұл турнирде Фазладдин Мадрахимов пен Тагир Хибиев арасында титулдық айқас болады. Қазақстандық спортшылардан Әлішер Ғаблуллин, Карим Рузбаев сынды саңлақтар сынға түседі.

Айта кетейік, Диего Брандао 2023 жылдың қарашасында Мохаммад Хейбатиге қарсы жекпе-жекте HFC титулын жеңіп алған еді. Ол 50 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жетсе, 21 мәрте жеңіліске ұшыраған. Ал Мұратбек Қасымбай Алматыда өткен Hardcore Fighting Championship турнирінде Аловсет Мамиевті қазылардың бірауыз шешімімен жеңген еді.  

Талқылау