Алматыда өртке оранған жиһаз цехынан әйелдің мәйіті табылды
Бүгін, 17 қыркүйекте, Алматы қаласында өртенген жиһаз цехынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрылыс құрылымдарын сұрыптау және төгу кезінде биіктігі бір метрден асатын үйіндінің астынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелге тиесілі», - дейді ТЖД-дағылар.
Айта кетсек, бүгін Алматы қаласындағы Ратушный көшесінде жиһаз цехы өртенді. Өрт аумағы 1 200 шаршы метрді құрайды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған